13
қаңтар
2022
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 30 жыл!
" Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 іс- шара"
жобасы аясында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №61 жалпы орта білім беретін мектебінің эстетика пәндері бірлестігінің жетекшісі Ж.Абдраманова мектеп оқушыларымен «Қылует» — этномузейіне және Әл-фараби атындағы қалалық ғылыми әмбебап кітапханасына саяхат ұйымдастырды. Шараның мақсаты : Еліміздің көркем мəдениетінің дамуымен бейнелеу өнері шеберлерінің шығармашылығымен таныстырып, жастарды өз тарихына деген мақтаныш сезімін арттыру, патриоттыққа тәрбиелеу.
Саяхат барысында оқушылар «Қылует» — этномузейінің авторы, этно-дизайншы, сазсырнайшы, қобызшы және фарабист, Қазақстан дизайнерлер және суретшілер одағының мүшесі , этнограф – Кендебай Қарабдаловпен кездесті.






