Султанова Айнұр Каналқызы
Мен Султанова Айнұр Каналқызы ОҚО-ның Бөген ауданы,Темірлан ауылында 1968 жылы,қызметкер отбасында дүниеге келдім.Қазақстан Республикасының азаматымын.
1975 жылы Темірлан ауылындағы А.Иманов атындағы орта мектептің 1 сыныбына оқуға бардым.1978 жылдан Бадам ауылына көшіп,С.Сейфуллин орта мектебінде оқуымды жалғастырып, 1985 жылы осы мектепті бітірдім.1985 жылы Шымкент қаласындағы педагогика институтының "физика математика" факультетіне оқуға түсіп, 1990 жылы "физика,информатика және есептеу техникасы мұғалімі"мамандығымен диплом алып,аяқтадым.
Жұмыс жолымды 1990 жылы өзім бітірген С.Сейфуллин орта мектебінде "информатика мен физика"пәні мұғалімі болып бастадым.1991 жылы тұрмыс құрып, Арыс қаласына келдім.Сол уақыттан қалалық білім бөлімінде уақытша фильмхана меңгерушісі,кейін балалар үйінде тәрбиеші қызметтерін атқардым.2006 жылы Шымкент қаласына көшіп келуіме байланысты қазан айынан қалалық оқу бөліміне қарасты №2 кешкі мектеп директоры қызметін атқардым.2013 жылдың тамыз айынан "ауыстыру" тәртібімен №22 негізгі орта мектебінің директоры қызметін атқардым.2022 жылдың тамыз айынан бастап Шымкент қаласы Тұран ауданы Ә.Ахметов атындағы №61 жалпы орта білім беретін мектепте директор қызметін атқарып отырмын.
Мектеп пен институт қабырғасында қоғамдық жұмыстарға белсенді араластым.Балалар үйінде "кәсіподақ төрайымы" жұмысын атқардым.
Жақын туыстарым:
Әкем-Султанов Канал - зейнеткер,1940 жылы туылған
Анам- Кадирбекова Сапаркул -1988 жылы қайтыс болған
Әпкем - Султанова Гулнар- 1962 жылы туылған,отбасылы
Ағам - Султанов Сәкен - 1965 жылы туылған, отбасылы
Әпкем - Султанова Айгул -1967 жылы туылған,ажырасқан
Інім - Султанов Ермек - 1970 жылы туылған, отбасылы
Сіңлім - Султанова Клара -1977 жылы туылған,отбасылы
Өзімнің және күйеуімнің жақын туыстарының ішінде қылмыстық іске тартылған,сотталғандар жоқ.Өзім әкімшілік жауапкершілікке тартылып,айыппұл төлегенмін.