"Қызға қырық үйден тыйым" » «N61 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Әшімжан Ахметов» атындағы №61 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 627-12-62
Есепші бөлімі:
+7(707) 627-12-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
қазан
2021

"Қызға қырық үйден тыйым"

Әрбір баланың өмір жолы, тәрбиесі отбасынан, одан соң мектеп қабырғасынан бастау алары сөзсіз. Сондықтан да, мектепте оқып жүрген қыз бала, ол − үйдегі ата-ананың көз қуанышы, мектепте ұстаздарының мақтанышы бола білуі тиіс.
    Мектеп жасынан ерте жүктіліктің алдын алу бойынша  «Қызға қырық үйден тыйым» атты кездесу
№61 жалпы орта  білім беретін мектебінде жыныстық тиіспеушілік, ерте жүктіліктің алдын-алу мақсатында 8-11 сынып қыздары арасында 2021  жылдың 18  қазанында мектепте оқитын кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында жүктіліктің алдын алу және отбасын жоспарлау туралы репродуктивті сауаттылықты жоғарылату жөнінде санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу мақсатында «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында  мектеп медбикесі Каленова Гүлжан және психолог Сәрсенқызы Айдана , директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.С.Бекбауованың ұйымдастыруымен  қыз балалармен  кездесу өткізілді. Г.Каленова  жастықтың дәмін татпай жатып, зарын тартатын жас буын өкілдеріне керек емес жүктіліктің болашағына, денсаулығына тигізер кері әсері туралы толыққанды мәлімет берді.
Физикалық, биологиялық, әлеуметтік тұрғыда жетіліп үлгермеген нәзік жандылардың дүниеге дені сау ұрпақ әкелуі де екіталай дүние. Ал жасанды түсік болашақта бала сүю мүмкіндігін төмендетеді, яғни бедеулікке апарып соқтырады . Ата-анасы шектеу қоймаған соң , бала да өз тағдырына алаңдай қоймасы анық. Сол себепті де, бойжетіп келетін қыз баланың қылығы түзде болғанымен тәрбиесі үйден болуы тиіс дейді.
Қыздарды сөзге тартып, өздерін ойландырып жүрген сұрақтарын ортаға салуға мүмкіндік бере отырып, Айдана Сәрсенқызы  кәмелет жасына толмаған жастардың аяғын андап басудың басты алғышарттарымен таныстырды. Ерте жастағы жүктіліктің ең алдымен денсаулығына кесірін тигізсе, болашағына балта шабатыны турасында ұғынықты етіп түсіндірді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив