Материалы за Декабрь 2021 года » «N61 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Әшімжан Ахметов» атындағы №61 жалпы орта білім беретін мектебі»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(707) 627-12-62
Бухгалтерия
+7(707) 627-12-62
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Декабрь 2021 года
" Жарқыра , жайна , жаңа жыл- Тәуелсіз қазақ елінде !
27
декабрь
2021
" Жарқыра , жайна , жаңа жыл- Тәуелсіз қазақ елінде !
" Жарқыра , жайна , жаңа жыл- Тәуелсіз қазақ елінде !"  Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №61 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Президенттік шыршаға қатысып , Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың арнайы сыйлығы және Елбасы кітабы сыйға берілді. Абай ауданы әкімінің жаңа жылдық шыршасына  3 оқушы барып жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді.
VPO.kz сайты оқушылар арасында ұйымдастырған Республикалық виртуалды олимпиада  жүлдегерлері.
22
декабрь
2021
VPO.kz сайты оқушылар арасында ұйымдастырған Республикалық виртуалды
Құттықтаймыз !!! VPO.kz сайты оқушылар арасында ұйымдастырған Республикалық виртуалды олимпиада  жүлдегерлері. Шәкірттеріміз биік белестерді бағындыра берсін !!!
Тарих - ғасырлар куәсі
21
декабрь
2021
Тарих - ғасырлар куәсі
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №61 жалпы орта білім беретін мектебінде  тарих - география апталығында   тарих пәнінің мұғалімі Халбеков Нурсет Сайпилұлының  "Тарих - ғасырлар куәсі " тақырыбындағы тарихи қойылымымен қорытындыланды.
"Білімді мұғалім" сайысы жеңімпаздары.
21
декабрь
2021
"Білімді мұғалім" сайысы жеңімпаздары.
Шымкент қаласының білім басқармасы Әдістемелік Орталығы ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша мұғалімдер арасында өткен "Білімді мұғалім" сайысына  әріптестеріміз биология пәнінің мұғалімі Айжан Алдибекова  , информатика пәнінің  мұғалімі Айгерим Зиябекова  , физика пәнінің мұғалімі  Айтуарова Айгүл Жұматқызы  жүлделі  lll  орындарға ие болып , Дипломмен марапатталды. Әріптестерімізге шығармашылық табыстар тілейміз
Бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау
20
декабрь
2021
Бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №61 жалпы орта білім беретін мектебінде Бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы" Республикалық  ұйымына  оқушыларды қабылдау салтанатты жиын өткізілді.  
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 30 жыл!
15
декабрь
2021
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 30 жыл!
"Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 іс-шара" жобасы аясында мерекелік 10 - сынып жетекшісі Жазира Абдраманова  "Тәуелсіздік- қасиетім , қастерлім " тақырыбында мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шара қонағы Декабрь оқиғасының қатысушысы , ардагер ұстаз Ниязбекова Гулжан Декабрь оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын айтып , білім алушыларға Тәуелсіздіктің қадірін қастерлей білуге шақырды. 1-11 сыныптар аралығында ашық тәрбие сағаттар шеруі өтті.
"Ас адамның арқауы!"
15
декабрь
2021
"Ас адамның арқауы!"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №61 жалпы орта білім беретін мектебінің асханасында мемлекет тарапынан тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылар үшін дайындалатын тамақтың сапасы, мектеп асханасының жұмысы, тазалығы брокераждық комиссия тарапынан күн сайын тексеріліп отырылуда. 15.12 2021 ж күнгі ас мәзірі.
ШЫМКЕНТ-АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ
08
декабрь
2021
ШЫМКЕНТ-АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты № 61  жалпы орта білім беретін мектебі ұжымымен  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай  “Шымкент-адалдық алаңы” кеңесі тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.  Спикер: Әзімхан Мырзабек - Информациятық - ағартушылық штаб мүшесі.
Оқушылар байқауы
08
декабрь
2021
Оқушылар байқауы
"Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар академиясы" Қоғамдық Қоры  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған байқауда білім алушыларымыз Әбдікерім Дінмұхаммед , Омирбай Асем және Курбаш Талшын жүлделі I және  lll  орындармен марапатталды. Жетекшілері орыс тілі пәні мұғалімі Қурбанова  Р.Б және Омарова А.О  Алғыс хатпен марапатталды.  
"Мен тәуелсізбін " тақырыбында сурет байқауы.
07
декабрь
2021
"Мен тәуелсізбін " тақырыбында сурет байқауы.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №61 жалпы орта білім беретін мектебінде " Тәуелсіздіктің 30 жылдығына  30 іс - шара " жобасы аясында гуманитарлық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен 5"А" сыныбымен "Мен тәуелсізбін " тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Мақсаты : білім алушылардың бойына  сурет салу арқылы ұлттық құндылықтарды қалыптастыру , еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру , Тәуелсіздік құндылықтарын бойына сіңіру.