информатика , физика және биология пәндері бойынша апталық
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №61 жалпы орта білім беретін мектебінде 07.02.2022 ж күні жаратылыстану пәндері бірлестігінің "Жаратылыстану - біздің болашағымыз , болашақ жастардың қолында " тақырыбында апталықтың ашылу салтанаты өтті. Мақсаты : Жаңа технология элементтерін қолдана отырып , оқушылардың информатика , физика және биология пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп , қызығушылығын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.